ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРУДІҢ 14 ТӘСІЛІ
1. Үй жануарымен дос болыңыз. Зерттеулер итпен серуендеу, мысықты сипалаудың қан қысымын қалыпта ұстауға көмектесетінін, холестерин мөлшерін реттеу мен жүрек жұмысын жақсатуда да оңды әсері барын анықтаған. Олардан бөлінетін жағымды қуат вирусты жояды, ал жағымды қуат иммунитетті көтереді екен. Мұны неміс ғалымдары айтады.
2. Достармен кездесіп, олармен түрлі тақырыпта әңгімелесу жүйкеге жайлылық сыйлайды, көңілді сергітеді, мидың тынығуына көмектеседі. Жақын досыңызбен өткізген жарты сағат миға екі күндік тынығу сыйлайды. Ал ми тынық болса, ағза ауруға алдырмайды. Испан зерттеушілері сенімді досы көп адамның аз ауыратынын, досы аз қатарластарынан ұзақ жасайтынын айтады.
3. Көңілді жүру де ауру жолатпаудың бір жолы. Болмашыны уайымға айналдыратын адамдарға қарағанда қиындықты өтпелі сынақ деп қабылдайтындар аз ауырады екен. Оптимистер пессимистерге қарағанда тұмауға 50% аз шадығады.
4. Қалжыңдау да қалжырай шаршау мен жүйкелеуден қорғай алады. Өйткені әзіл-қалжың көңілді көтеруге, күлкі шақыруға себеп болады да, сөйтіп ағзада қуаныш гормонын бөлу арқылы жүйке талшықтарына жағымды қуат жеткізеді. Ал бұл қуат вирустарға қарсы табиғи вакцина десек те болады.
5. Махаббат та иммунитетті көтерудің тиімді жолы. Өмірді, достарыңызды, жұмысыңызды жасы көріңіз. Жақындарыңызға жылы сөз айтыңыз. Осылай оларды да, өзіңізді де мейірім мен махаббатқа бөлей отырып, ағзаңыздағыжағымды қуатты көбейтесіз.
6. Қарама-қайшы түсті жеміс-жидек пен көкөніс жеудің де көмегі зор. Мысалы, күніне бір данадан помидор мен қияр, ертеңіне, киви мен мандарин, сосын лимон мен қызыл алма жеп тұрсаңыз, ол ағзадағы өлі клетканы тірітіп, жасушаларды жаңартады. Ресей ғалымдары мұндай «түрлі-түсті» терапия ағзаны қартайтатын еркін радикалдарды жойып, иммунитетті нығайтатынын дәлелдеген.
7. А, С, Д, Е витаминдері, цинк пен магнийге бай азық түрлерімен қоректенсеңіз ағзаның қысқы суыққа қарсы қорғанысы күшейеді. Өйткені ағзаны суықтан қорайтын басты қаруыңыз осы витаминдер мен микроэлементтер.
8. Фаст-фуд, газды сусын, дайын ас пен тәтіні азайтыңыз. Олар ағзадағы витамин мен минерал тепе-теңдігін бұзады, ондағы тағамдық қоспалар аллергия, баспа, басқа да тамақ ауруларын қоздырып, ауруды асқындырады.
9. Биологиялық белсенді қоспаларға құмар болмаңыз. Сарымсақ, женьшень,С витамині, басқа да аэлементтерге бай дегенмен, олардың құрамында тағамдық қоспалар көп болады және БАД-тар ағзадағы микроэлементтердің тепе-теңдігін бұзуы мүмкін.
10. Спортпен айналысыңыз. Жай ғана серуендеу, велосипед тебу, конькимен сырғанау, күнделікті жеңіл жаттығудың өзі стресстен сақтайды, остеопороздың алдын алады, ол жүрек пен қатерлі ісік ауруларына қарсы күрестің бір түрі саналады. Сондай-ақ зат алмасу, қан айналымын ретеп, иммунитетті де нығайтады.
11. Ұйқыңыз қалыпты болсын. Ол жүйкені ширығудан, зейінді төмендеуден, бұлшық етті әлсіреуден, ағзаны шаршаудан сақтайды. Тәбеттің қалыпты болуы, ойдың тұнықтығы, көздің көру қабілетінің сақталуы да ұйқыға тікелей байланысты. Сондай-ақ толыққанды ұйқы мықты иммунитеттің сенімді серігі.
12. Алкогольден абай болыңыз. Оның зияны айтпаса да белгілі, онымен қоса спиртті ішімдіктер иммунитеттің ең үлкен жауы. Қатты суықта денені жылытқандай алдамшы сезім сыйлай отырып ол іштей мммунитетті күйретіп жататынын ұмытпаңыз.
13. Темекі инсульт, астма, жүрек пен өкпе ауруларына себепші ғана емес, иммунитеттің әлсіреп, сыртқы шабуылдардан қорғануына кедергі келтіретін басты жау.
14. Қолыңызды күніне бірнеше мәрте сабынмен жуып тұрыңыз. Ондай мүмкіндік болмаса 70%-дық спиртпен сүрту керек. Ол алақандағы вирус пен бактерияларды жояды. Ал зерттеулер адам алақанында 10 миллионға дейін бактерия болатынын дәлелдеген. Олардың ішінде сальмонелла, бруцелла, стафилококк, ішек таяқшалары секілді қауіпті жұқпалар мен түрлі инфекциялар бар!