"Расында әрбір қиыншылықпен бірге жеңілдік бар!"
Бұл - сіз бен біз айтатын жай ғана сөз емес, бұл Ұлы Жаратушы Алланың уәдесі! Бұл - құдіреті күшті Алланың сөзі!
Бір түнде бес қызынан айырылған ата-ана! Қиындық көріп қабырғасы қайысқан жан!
Біл! Түннен кейін күн шығады, қатты жел уақытша мазаны алғанымен, соңы ақ жаңбырға ұласып, көңілдегі кірді шаяды!
Көкті бұлт торласа, ол да мәңгілік емес. Көп ұзамай аспан ашылады. Бұлттың орнын күн басады.
Дәуіт пайғамбардың 30 ұлы бір күнде өмірден озды. Тағдырына сабыр еткен ата-анаға Алла отыз ұлға татитын бір перзент сыйлады. Ол Сүлеймен пайғамбар еді! Алла Тағаланың күш-құдіреті бәріне де жетеді! Ол қаласа мүмкін емес нәрсе жүзеге асып, сіз бен біз ойлап та көрмеген жақсылықтар жаңбырша жауады!
Алла қаласа бұл өмірде көздеріңіздің қуанышы болған қыздарыңыз Қияметте ең үлкен табыс - Жәннатқа кірулеріңізге себеп болады. Хадисте «Балиғат жасына жетпеген үш баласы өмірден озған мұсылманды Алла балаларына деген мейірім, рахымының себебімен жәннатқа кіргізеді», - делінген.
Ендеше, болған іске болаттай берік болыңыздар! Алла балаларды раxымына бөлеп, сіздерді бұл дүниеде де, Ақыретте де зор сыйымен қуантсын!