ЗАМАНДАС, АЙНАҒА ҚАРАШЫ!
Сен осы бейнеге тапсырыс бердің бе?
👀 "...Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік? Ол көз өз нәзіктігінен керегіне қарай ашып-жауып тұруы үшін қабақ беріпті.
👁Желден, ұшқыннан қағып тұрсын деп кірпік беріпті. Маңдай теріні көзден қағып тұруға керек болғандығынан, басқа тағы керегі бар қылып қас беріпті.
👂🏻Құлақ болмаса, не қаңғыр, не дүңгір, дауыс, жақсы үннің ешбірінен хабар ала алмас едік.
👃🏻 Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді.
👅 Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не қатты, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе?
Көзді, мұрынды ауызға жақын жаратыпты, ішіп-жеген асымыздың тазалығын көріп, исін біліп, ішсін, жесін деп. Бізге керегі бар болса да, жиіркенерлік жері бар тесіктерді бұл бастағы ғазиз білімді жерімізден алыс апарып, тесіпті, мұның бәрі хикметпен біліп істелгендігіне дәлел емес пе?
Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екендігі мағлұм болмай ма?"
(Абай Құнанбаевтың жиырма жетінші қара сөзі)
▪️ Шынында да, адамның өз жаратылысы – Жаратушыны танып, Оған құлшылық етуіне жеткілікті деген сөз рас-ау...
____________________________
#асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #адам #жаратылыс #АлланыңКереметі #Абай #қарасөз