Иммунитетті көтеру үшін... Кез-келген саналы адам өзінің денсаулығының жақсы болғанын қалайды. Салауатты өмір салтын ұстанады. Егер денім сау болсын десеңіз, ең алдымен иммунитетіңіз түспеуін қадағалағаныңыз жөн. Иммунитеттің не екенін әрине бәрі біледі. Бұған тәпіштеп тоқталмай-ақ, осы иммунитетті қалай көтеру керек осыған тоқталсам деймін. 1. Иммунитетті көтеру үшін алоэ шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз. Шырынды алу үшін 15 сантиметр болатын бірнеше жапырақты үзіп алып, сумен жақсылап жуып жіберіңіз. Таза стақанды, дәкені немесе мәрліні аласыз. Қолыңызды тазалап жуыңыз да, сол мәрлінің бетіне әбден кескілеген алоэны қоясыз. Оны қолыңызбен қатты сығып, суын стақанға тамызасыз. Дайын шырынды балмен араластырасыз (1:1). Бұл қоспаны күніне 3 рет бір шәй қасықпен тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрыңыз. Пайдалану уақыты – 3 апта. 2. Итмұрын шәрбәті (Сироп шиповника), дәріханалардан алуға болады немесе құрғақ итмұрынды қайнатып ішу керек. Итмұрында С витамині көп болады. 3. Омега 3 касулалары. Бұл балық майы. Мұны ересек адамдар да, балалар да қабылдай беруіне болады жақсы қорытылады. (Мұны да дәріханада алуға болады) 4. Көкөністер мен жемістер, бал, бауыр, грек жаңғағы ас мәзіріңізде күнделікті болу керек (ең аз дегенде аталғандардың екеуі болуы қажет). 5. 200 гр балға 100 гр кептірілген өрік (курага), 100 гр мейіз (кептірілген жүзім), 100 гр грек жаңғағы, 1 лимон шырынын араластырып осы қоспаны күніне 1 ас қасықтан 3 рет қабылдау керек. 1 ай қабылдап, 1 ай демалып қайталасаңыз болады. (Көрсетілге мөлшерден көп қабылдасаңыз салмақ қосуыңыз мүмкін) 6. Сарымсақ(чеснок) пен пияз (жуа) да иммунитетті көтеруге көмектеседі. Құрамында В дәрумені бар. Шикідей пайдалансаңыз әсері молырақ. 7. 1 қасық балды таңертең ашқарынға 1 шәй қасықтан қабылдаңыз немесе қайнаған жылы суға (ыстық болмау керек) 1 шай қасық балды араластырып ашқарынға қабылдасаңыз болады. 8. Теңіз балығы, редька(тұрып), ашытылған орамжапырақ(квашеная капуста), алма, спаржа да имунитет көтеруге жақсы көмектеседі. 9. В9 витамині немесе фолиевая кислота Иммунитетіңізді көтеру және қалыпты сақтау үшін осы тізімдегі қоспалардың біреуін немесе тағамның ең аз дегенде екеуін пайдалансаңыз да жетіп жатыр.

Теги других блогов: иммунитет омега 3 алоэ итмұрын мейіз