БАЛАҒА ҚАЛАЙ ДЕМ САЛАМЫЗ? Баланың басын не ауырған жерін ұстап отырып төмендегі сүрелер мен дұғаларды оқисыз және әр сүре аяқталған кезде балаға үрлейсіз: 1. «Фатиxа» сүресін 7 рет оқу; 2. Аятул Курсиді («Бақара» сүресі, 255-аят) 3 рет оқу; 3. «Кәфирун» сүресін 1 рет оқу; 4. «Ықылас» сүресін 3 рет оқу; 5. «Фәләқ» сүресін 3 рет оқу; 6. «Нас» сүресін 3 рет оқу. Кейін мына дұғаларды оқыса болады: 1. "Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ" Мағынасы: Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ, әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын. 2. "Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс, уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н)" Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – Шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер! 3. "Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс, бийәдикәш-шифәә, лә кәшифә ләһу иллә Әнтә" Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ.